«Халықтың марапаты»: Қазақстандықтар көлігін белгісіз біреулер өртеп кеткен Динара Егеубаеваға 4 млн теңге жинап берді

176

динара егеубаева

Журналист оқиға орын алған күннен бастап көпшіліктің қолдауын сезінгенін атап өтеді. Айтуынша, адамдардың жылы сөздері оған стресс пен шоктан шығуына көмектескен. Ол алғашқы қаражаттың көлігі өртенген күннен бастап түскенін айтады.

«Сіздердің қайырымдылықтарыңыз мен үшін ақша немесе жаңа көліктен де маңыздырақ. Ол мен үшін бірлігіміздің айғағы әрі азаматтық ынтымақтың көрінісі болды. Бұл маған құқығымыз үшін күресімдегі үлкен қолдаудың және еңбегімнің бекер еместігін түсінуге көмектесті», — деп жазды ол өзінің Facebook парақшасында.



Ол халықтың жинап берген қаражатының арқасында жаңа көлік сатып алғанын хабарлады.

«Мен үшін бұл ұлттың сыйлығы және одан жоғары ештеңе жоқ. Жаңа көлігімді «халықтың көлігі» деп атадым. Егер оны да өртеп жіберетін болса, мұны биліктің біздің қоғамға, біздің пікірімізге деген көзқарасы деп бағалауға болады», — дейді Егеубаева.

Журналист халықтың 4 млн теңге жинап бергенін айтты.

https://stan.kz/haliktin-marapati-kazakstandiktar-koligin-belgisiz-bire-378565/

Leave A Reply

Your email address will not be published.