Халыққа арналған ақпараттық-түсіндіру акциясы өтеді

26

2026 жылғы 17 наурыз күні Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаменті халыққа арналған ақпараттық-түсіндіру акциясын өткізеді.

Акция барысында департамент қызметкерлері Комитет көрсететін мемлекеттік қызметтерді алу тәртібі бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, азаматтардың сұрақтарына жауап береді және қажетті кеңестер береді.

Барлық ниет білдіруші азаматтарды аталған шараға қатысып, қажетті құқықтық кеңес алуға шақырамыз.

Күні: 2026 жылғы 17 наурыз

Уақыт: 11:00 – 12:00 сағ.

Өтетін орны: Тараз қаласы, 15 ықшамауданы, №137 (ХҚКО ғимараты)

Leave A Reply

Your email address will not be published.