Халық қалаулысы қоғамдық қабылдау өткізді

81

«АMANAT» партиясы Жамбыл облыстық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде Тараз қалалық мәслихаттың депутаты Әбденбаев Кемел Түймебекұлы тұрғындарды жеке сұрақтарымен қабылдады.
Қабылдауға келген Т.Рысқұлов ауданының тұрғыны Тараз қаласына үй кезегіне тұрғысы келеді, алайда, Тараз қаласында тіркеуге тұратын мүмкіндігі жоқ. Ауыл тұрғыны мекен-жайға тіркеуге еш жерге тұра алмағандықтан партияның қоғамдық қабылдауына келген.
Кемел Түймебекұлы өтініш иесінің мәселесін өз бақылауына алып, тұрақты мекен-жайға тіркеуге тұруына көмек көрсететінін жеткізді.
Тараз қаласының тұрғыны Нұрмахан есімді азамат жолдасына тағайындалған мүгедектік ІІІ топпен келіспейді. Денсаулық жағдайы төмен жолдасына ІІ топ мүгедектігін тағайындауға ықпал етуді сұрайды. Қала тұрғынының мәселесі де сол мезетте бақылауға алынды. Ендігі кезекте емханадан толық қайта тексеруден өткізіліп, құжаттары қайта қабылданатын болады.
Сонымен қатар, ұзақ жылдан бері жылжымай тұрған тұрғын үй кезегінің мәселесімен келген тұрғынға да заң аясында түсініктеме беріліп, құзырлы мекемеге депутаттық сауалын жолдап, мерзіміне сәйкес жауабын беретінін айтты.

Leave A Reply

Your email address will not be published.