КЕЗЕКТІ АППАРАТТЫҚ КЕҢЕСТЕ

104

Бүгін аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімі Сәкен Мамытовтың төрағалығымен аудандық аппараттық кеңес өтті.

Аппараттық кеңестің күн тәртібінде «Денсаулық сақтау саласында атқарылған жұмыстар мен өзекті мәселелері туралы» мәселе қаралды.
Күн тәртібіндегі мәселеге байланысты аудандық орталық аурухананың бас дәрігері А. Каликова баяндады.
Сонымен қатар, аппараттық кеңесте қосымша мәселелер қаралды.
«Асарлатып үй салу» жобасының іске асырылу барысы туралы» аудан әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің басшысы Қ. Аукенов хабарлама жасады.
«Бес елді мекендегі орталықтандырылған ауыз су жүйесіне үйлерді қосу жұмыстарын ұйымдастыру туралы» мәселеге байланысты тиісті ауылдық округ әкімдері атқарылып жатқан жұмыстар туралы айтты.
Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша сала басшылары мен жауапты мамандарды тыңдаған аудан әкімі Сәкен Үмбетұлы анықталған кемшіліктерді қалыпқа келтіруді тапсырып, тиісті хаттамалық тапсырмалар берді.
Сарысу ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

 

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.