Бүгін мектеп бітіруші түлектердің аттестат алу шарасына байланысты тойханалар мен мейрамханаларда, кафелерде іс-шаралар ұйымдастырмауын қадағалау, олардың қауіпсіздігін қатамасыз ету, тәртіп пен сақтықты күшейту мақсатында кезекшілік пен кешкі рейдтік шаралар ұйымдастырылып жатыр.![]()

Кешкі рейдке аудандық білім бөлімі, мектеп әкімшілігі, аудандық полиция бөлімінің қызметкерлерінен құралған арнайы мобильдік топтар шықты.
Мобильдік топ мүшелері ойын-сауық орындарында, кафелер мен барлар, саябақтарда болып, мектеп оқушыларының түнгі уақытта заңсыз жүрмеуін, рұқсатсыз мерекелік шаралар өткізбеуін қадағалап, бақылауда ұстауда.