КЕЗДЕСУ

215
Аудан әкімі Баубеков Жорабек Нұрмергенұлы халықпен кездесу кестесіне сәйкес, Тұрлыбай батыр ауылының тұрғындарымен кездесу өткізді.
⠀Ауыл тұрғындарымен кездесуде аудан әкімі алдымен өңірдің салалар бойынша даму көрсеткіштеріне тоқталып, ауданның әлеуметтік-экономикалық даму бағыттарында атқарылатын жұмыстар жайында баяндады. Жорабек Нұрмергенұлы кездесуде тұрғындардың сұрақтарына жауап беріп, олардың өтініштерін тыңдады. Ауыл ақсақалы Жеңісбек Манапов бастаған тұрғындар Тұрлыбай батыр ауылы көшесіндегі түнгі жарықтандыруға қатысты мәселе көтеріп, Жамбыл округіне мәдениет үйінің қажеттігін алға тартты. Аудан әкімі Жамбыл ауылынан мәдениет үйі мен спорт кешенін салу жоспарға енгізілгенін жеткізіп, түнгі жарықтандыру бойынша округ әкіміне тапсырма берді. Сонымен қатар Жорабек Нұрмергенұлы кездесу соңында жеке мәселелерімен қайырылған азаматтарды қабылдады.
Меркі ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Leave A Reply

Your email address will not be published.