КЕЗДЕСУ ЖИЫНЫ ӨТТІ

161
Адам саудасына байланысты қылмыстардың қаншалықты қоғамға қауіпті екені бәрімізге белгілі және соңғы кезде қоғам арасында жиі талқыға түсетін мәселе.
Бүгін адам саудасы бойынша құрылған облыстық мобильді топ ауданымызда болып кездесу жиынын өткізді.
Жиынға Жаңатас қаласы және ауылдық округ әкімдері, құқық қорғау органдарының қызметкерлері, аудан әкімдігінің бөлім басшылары мен қызметкерлері, шаруа қожалықтарының жетекшілері қатысты.
Жиынды аудан әкімінің орынбасары Қайрат Серимов ашып, жүргізді.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің Адам саудасына байланысты қылмыстардың профилактикасы, алдын алу және оларға қарсы күрес жөніндегі 2021-2023 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын тармақтарына сәйкес мәжбүрлі еңбекті, оның ішінде балалар еңбегін пайдалануды болдырмау жөніндегі кешенді, бірлескен және (немесе) келісілген ведомствоаралық, профилактикалық және жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу, құрылыс және өзге де объектілерде және т.б. адам саудасының алдын алу және өңірлерде еңбек пайдалану құрбандарын анықтау жөніндегі мобильді топтардың қызметін жүзеге асыру тапсырылған.
Осы бағыттағы облыста атқарылып жатқан жұмыстар, адам саудасына байланысты қабылданған шаралардың нәтижесінде анықталған деректер туралы Жамбыл облысы полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы криминалдық басқармасының аға жедел уәкілі аса маңызды істер жөніндегі полиция майоры Шолпанқұлов Әділхан Ержанұлын баяндады.
Алдағы уақытта адам саудасына байланысты қылмыстар мен өзге де құқық бұзушылықтарды болдырмау және жолын кесу мақсатында, мүдделі мемлекеттік органдармен және үкіметтік емес ұйымдармен бірлесіп, профилактикалық іс-шараларды кешенді түрде жүргізу керектігін айтты.
Бұдан кейін аудан прокурорының орынбасары Ернұр Берікұлы және аудандық ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары Қуаныш Қалжанов сөз алып, адам саудасының алдын алу, жолын кесу бағытындағы аудандағы жұмыстарға, профилактикалық іс-шараларға тоқталып, жайылымдардағы шаруа қожалықтарының жетекшілеріне жалдамалы жұмысшылармен арнайы келісім-шарт жасай отырып, жұмыс істеу керектігін айтты.
Жиынды аудан әкімінің орынбасары Қайрат Серимов қорытындылады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.