КЕЗДЕСУ

63
Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз Инновациялық институты және Шығармашылық мамандықтар факультетінің ұйымдастыруымен аудандық мәдениет үйінде педагогика ғылымдарының докторы, аталған оқу орнының вице-президенті Сарыбеков Махметғали Нұрғалиұлының аудан жастарымен кездесуі өтті.
Кездесуге ұстаздар, аудан мекемелерінде жұмыс істейтін жас мамандар, жастар тәжірибесімен және қоғамдық жұмысқа тартылған жас қызметкерлер, колледж білімгерлері мен жоғарғы сынып оқушылары қатысты.
Жиында Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз Инновациялық институтының вице-президенті, педагогика ғылымдарының докторы, Сарыбеков Махметғали Нұрғалиұлы 2024-2025 оқу жылына арналған кәсіби бағыттау, жастар саясаты тақырыбында сөз сөйледі.
Өз сөзінде білімнің даму жолдары, еліміздегі жастар саясаты, бүгінгі жастарға қолжетімді және сапалы білім беру үшін мемлекет тарапынан жасалынып жатқан жағдайлар, жастарды ғылымға тарту жолдары, жастардың бойында мәдениеттілікті, жастардың қоғамдық санасы мен азаматтық ниетін қалыптастыру, жастар тәрбиесі және отбасылық тәрбиеге кеңінен тоқталды.
Кездесу соңы институт қызметкерлері мен өнерпаздарының концерттік бағдарламасына ұласты.

 

Сарысу ауданы әкімдігі

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.