Кейбір азаматтар үшін МӘМС жарнасы көбейеді: заң жобасы бірінші оқылымда қаралды

23

Парламент Мәжілісінің қарауына «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру мәселелері бойынша  өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы келіп түсті. Заң жобасы Үкіметтің бастамасымен әзірленді.

«Біріншіден, ГОБМП пакетін 2027 жылға қарай екі есе, яғни 57 пайыздан 32 пайызға дейін қысқарту, сәйкесінше МӘМС пакетін 68 пайызға дейін ұлғайту, екіншіден, жұмыс берушілер мен жұмыскерлер тарапынан МӘМС жарналары үшін төленетін табыстың жоғары шегін 10 еселенген ең төменгі жалақыдан 50-ге дейін арттыру, үшіншіден жергілікті бюджет қаражаты есебінен жұмыссыздар мен әлеуметтік әл ауқаты дағдарыстық деңгейге жататын азаматтар үшін МӘМС жарналарын төлеу көзделіп отыр», — деді Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов.
Мәжілістің Әлеуметтік-мәдени даму комитеті осы заң жобасы бойынша қорытынды дайындайды.

Фото: zdorovie.pro

https://buginmedia.kz/1466/keybir-azamattar-shin-m-ms-zharnasy-k-beyedi-za-zhobasy-birinshi-o-ylymda-araldy?fbclid=IwY2xjawI-s0xleHRuA2FlbQIxMQABHQ_rMqrejcFYS3O6JZVjebf4vr0u5Vr8lA_9gkhQluDRmBZiaFAJhewbRQ_aem_E8jOQaXsI3CiaTFJhbt2Fg

Leave A Reply

Your email address will not be published.