Кешегі өтініші бүгін шешімін тапты.

112
Аудан әкімімен кездесуде Қызылшаруалылықтардың кешегі өтініші бүгін шешімін тапты.
Ауданымызда көпшіліктің талап-тілегі ескеріліп, ауыл-аймақта бауын тапса, байламын таппай жүрген түйінді мәселелер шешімін табуда.
Аудан әкімі Ернар Есіркеповтің Қызылшаруа елді мекенінің тұрғындарымен өткен кездесуде ауыл халқы мектепке өтетін жол бөлігіне жол бөгетін орнатып беру туралы өтінішпен қайырылған болатын.
Бүгін көтерілген сұрақ шешімін тауып, аталған Луговой-Тәтті бағытындағы облыстық мәндегі жолының Қызылшаруа ауылының маңындағы бөлігіне төмен жылдамдықта өту туралы арнайы жол белгілері орнатылып, жасанды бөгет қойылды.
Тұрар Рысқұлов ауданының әкімдігі

Leave A Reply

Your email address will not be published.