Кентауда 168 адам астан уланып қалды

77

Түркістан облысында 168 адам астан уланып, ауруханаға түсті. Олар  6-9 қазан аралығында Кентау қаласындағы қоғамдық тамақтану орындарының бірінен тапсырыспен суши, пицца секілді тіскебасарлар алған деп хабарлады turkystan.kz «Хабар 24»-ке сілтеме жасап.

Инфекцияның нақты неден шыққаны әзірге белгісіз. Барлық тағамнан зертханалық сынама алынды. Қазір қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүріп жатыр.

Кентау қаласының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы мен қалалық полиция бөлімі нысанға жоспардан тыс тексеру жүргізді.

Нәтижесінде қажетті санитарлық құжаттар мен аспаздардың медициналық тексеруден өткені туралы анықтамасының жоқ екені белгілі болды. Қазір қоғамдық тамақтану орны уақытша жабылды.

Айта кетсек, тамыз айында дәл осы дәмханда 8 адам астан уланып, ауруханаға түскен болатын.

«Жалпы 145 науқас келіп тіркелді. Оның 98-і ауруханаға жатқызылды. 47 науқас амбулаторлық деңгейге жіберілді. Түркістан қаласына 31, Кентау қаласына 67 науқас жатқызылды. Оның ішінде 5 жүкті әйел мен 33 бала бар. Бәрінің жағдайы бүгінгі таңға орташа ауырлықта. Бүгін жағдайы жақсарған науқастар үйге шығарылуға жоспарлануда», – деді облыстық Қоғамдық денсаулық басқарма басшысының орынбасары Алтын Досанова.

https://turkystan.kz/article/199856-kentauda-168-adam-astan-ulanyp-kaldy/

Leave A Reply

Your email address will not be published.