Кенеден келер кесел көп

352
Кенелер арқылы адамдарға жұғатын аса қауіпті аурулар ішіндегі Конго-Қырым геморрогиялық қызбасы (КҚГҚ) ауруының табиғи ошағы болып Байзақ, Жамбыл, Мойынқұм, Сарысу, Талас, Шу аудандары саналады. Күн жылысымен табиғатта көп кездесетін жәндіктердің бірі буынаяқты қансорғыштар тобына жататын кенелер осы ауруды тасымалдайды.
Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы бойынша облыста ағымдағы жылы 33 елді мекен қолайсыз болып анықталып, іс шара жоспарына сәйкес көктемгі залалсыздандыру жұмыстары 17 сәуірінен бастап Байзақ – 1, Жамбыл – 1, Талас– 9, Сарысу -7, Мойынқұм -14 және Шу — 1 аудандарының эндемиялық қолайсыз елді мекендерінде жүргізілуде. Залалсыздандыру жұмысының алдында қолайсыз елді мекендердің әкімдеріне механикалық тазалық жұмысын жүргізу үшін басқарма тарапынан хабарлама жолданып, елді мекен тазалығы қаралуда.
Конго – Қырым геморрагиялық қыз¬ба¬сы қандай ауру?
Оның алдын-алу ша¬ралары туралы тоқталып өтсек. Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы (КҚГҚ) – бұл вирус қоздырғышынан туындайтын аса қауіпті жұқпалы ауру, науқас дер кезінде медициналық көмекке жүгінбеген жағдайда, өлім жағдайына әкеліп соқтыруы мүмкін.
Аурудың алғашқы белгілері дене қы¬зуының кенеттен 39-40 градусқа дейін көтерілуімен, қатты бас ауруымен, көздің қызаруы, бет, мойын және дененің жоғары бөлігінің қан кернеуімен мойын, арқа, белдің ауыруымен, лоқсу немесе құсу, іш ауыруы немесе өтуі, ал ауру одан әрі дамыған жағдайда денеде бөртпенің пайда болуы, мұрыннан, қызыл иектен, жатырдан, асқазаннанқан кету, ине енгізу орындарында қанталау (гематомалар) белгісінің байқалуымен сипатталады.
Конго-Қырым геморрагиялық қыз¬басы қалай жұғады?
Негізгі жұқтырушы және ауру қоздырғыштарын тасымалдаушы кене. Адамның ауруды жұқтыруы кене шаққан жағдайда және қанында вирусы бар жануарларды сою, сондай-ақ науқас адамға күтім жасау кезінде жұғуы мүмкін.

Leave A Reply

Your email address will not be published.