КЕЛЕЛІ КЕЗДЕСУ

227
Сарысу аудандық Төкен Мақашев атындағы тарихи-өлкетану музей қызметкерлерінің ұйымдастыруымен музейде Желтоқсан көтерілісінің ардагері Н.Есмахановпен «Тәуелсіздік-ел бақыты» атты кездесу өткізілді. Кездесу барысында музей қызметкері А. Есіркепов баяндама оқып,Н. Есмаханов оқушыларға желтоқсанда болған оқиға туралы баяндап берді.Д.Сағырәлі, Б. Қозыбай,Г.Түймебай ,К.Мәдиқызы,
Ж.Жанділдақызы Тәуелсіздік күніне арнап жаттаған өлеңдерін айтып, «Қазақстаным» әнімен қорытындылап, музей залдарына экскурсия жұмыстары жүргізілді. Кездесу соңында қонағымызға қазақтың шапанын тарту еттік.
Азаттықты ту еткен қазақ халқының ел болу жолындағы алғашқы қадамдарының бірі – Тәуелсіздік.
Тарихқа көз жіберетін болсақ, тәуелсіздік – 1986 жылғы желтоқсан оқиғасында алаңға шыққан жастардың ерік-жігері, ең алдымен барша қазақстандықтардың арман-мұратының салтанат құруы. Патша дәуірінде де, кеңес одағы кезінде де тәуелсіздікке деген ұмтылыс халықтың едеуір бөлігінде қалыптасты. Біз бірнеше жүз жыл отаршылдықтан кейін ХХ ғасырдың аяғында қайта жаңғырған мемлекетпіз. Тәуелсіздік – бұл азап пен төзімнің, халықтың сан ғасырлар бойы еркіндікті аңсаған шыдамының өтуі. Тәуелсіздік сияқты ұлттық мерекені бүгінгі таңда қазақ халқы жүрегімен сезінуі керек. Тәуелсіз елдің ең басты тұғыры ол қоғамның, сол мемлекеттегі жергілікті ұлттың рухы, жігері, қоғамдық санасы. Басты байлық жай ұлттық мүдде емес, азаматтардың мүддесі мен қажеттілігі. Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстанның бүгінгі құдіретті күші ел бірлігінде, ұлттар татулығында жатыр. Қазақстан үшін ХХI ғасыр тарихының парағы парасат пен пайымға толы. Біздің стратегиялық міндетіміз ең бірінші тұрғындардың өмірінің сапасы мен тұрмыстық деңгейін көтеру болып табылады.
Тәуелсіздік – ол ұлттық мемлекеттік, оның тамыры – жасампаздық рух, ұраны – ел мен халық. Олай болса, өміршеңдік пен кемелділік аясында өмір сүріп, бейбітшілік, татулық туын биікке көтерген Қазақстан халқы жаңа әлемнің жаңалықтарына ұмтыла бермек.
Бүгінгі таңда елімізде халықаралық стандарттарға сай заң базасы құрылды, әділет органдарының өкілеттігі кеңейіп құлаш жайып, алға қойылған міндеттерді атқаруда.
Біз тәуелсіздікке қол жеткізу үшін қаншама қиыншылықтарды басымыздан өткіздік, енді осы тәуелсіздігімізді қадірлеп-қастерлеп, халқымыздың әл ауқатын жақсартуға, экономикасын ары қарай көтеруге, мемлекетіміздің гүлденіп жайнауы және демократиялық-құқықтық мемлекет құру жолында аянбай еңбек етуіміз қажет.

Leave A Reply

Your email address will not be published.