ҚАЖ қызметкерлеріне Жолдаудың басты бағыттары түсіндірілді

50

2023 жылдың 1 қыркүйегінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауын жариялаған болатын. Аталған саяси маңызы жоғары құжатты Қылмыстық-атқару жүйесі қызметкерлерінің назарына жеткізу мақсатында Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментіне бағынысты №25 мекемесінде жиын өтті.

Басқосуға мекеменің жеке құрамы қатысты. Жиын барысында мекеме бастығының орынбасары, әділет подполковнигі Әміржан Дәулетқұлов қызметкерлерге Жолдаудың басты бағыттарын түсіндіру бойынша дәріс оқыды. Сондай-ақ кәсіби қызметтік даярлық сабағы өткізілді.

Аталған іс-шараның мақсаты – Президенттің жолдауында айтылған саяси реформалардың жаңа бағдарламасы мен әлеуметтік-экономикалық бағыттарын тереңірек ұғыну. Өз кезегінде ҚАЖ қызметкерлері Жолдауда белгіленген міндеттермен танысып, алдағы қойылған талаптарды орындауға бағыт-бағдар алды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.