ҚАЖ қызметкерлері Жаңару күнінде тал екті

28

«Наурызнама» онкүндігінің Жаңару күнінде Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты №25 мекеменің басшылығы мен жеке құрамы тал егу акциясына қатысты.

Ұлттық киім сала өкілдері Ұлыстың ұлы күнімен құттықтап, жаңа жылға ақ тілектерін арнады.

– Наурыз мерекесі әр үйге бақыт пен береке әкелсін! Береке мен ынтымақта ғұмыр кешейік, – деген тілектер арнаған мекеме қызметкерлері жасыл желектер отырғызып, табиғаттың көркеюіне үлестерін қосты.

Әр тал – жаңа өмірдің бастауы, жаңа үміт пен болашақтың кепілі. Бұл іс-шара Жаңару мен жаңғырудың символы ретінде жүректерге жылулық сыйлады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.