ҚАЖ қызметкерлері Отан қорғаушылар күнін атап өтті

73

Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінде 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні, 9 мамыр – Жеңіс күні және Ұлы Жеңістің 80 жылдық мерейтойына арналған мерекелік жиын өтті. Салтанатты шараға департамент бастығы, әділет подполковнигі Жаныбек Қосжанов қатысты. Сонымен қатар ҚАЖ саласының ардагерлері, департаментке бағынысты мекемелердің басшылығы және қызметкерлері де мерекелік салтанатқа қатысушылар қатарында болды.

Жиында Жаныбек Жамалбекұлы сөз алып, ҚАЖ қызметкерлері мен мәртебелі меймандарды мерейлі мерекемен құттықтады. Өз сөзінде ол Отан қорғаушылар күні – ел әскерінің қуаты мен айбынын айғақтайтын мереке, еліміздің тыныштығын қорғап жүрген ерлерімізді ұлықтайтын күн екенін атап өтті. Ал Жеңіс күні аталардың қанмен келген ерлігі, бүгінгі ұрпаққа мәңгілік үлгі болатын темірқазық екеніне тоқталды.

– Отан алдындағы борышты өтеу, оған адал қызмет ету – абыройлы іс. Туған жердің шебін күзетіп, тұтастықты сақтау – әрбір азаматтың қастерлі парызы. Еліміздің тыныштығын қорғап, қауіпсіздігін қамтамасыз ету – қасиетті борыш, жоғары жауапкершілік.
Біз – тұтас тарихы, қаһармандық дәстүрі қалыптасқан жұртпыз. Батыр бабаларымыз осынау кең байтақ жер үшін шайқасып, ұрпағына мирас етіп қалдырды. Ал, кешегі аталарымыз бен әкелеріміз сұрапыл соғыста жеңіске жетті.
Біз осындай жандардың ерлігіне сый-құрмет көрсете отырып, дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық және еңбекте жеміс пен толағай табыстар тілейміз. 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні мен Ұлы Жеңістің 80 жылдығы құтты болсын! Ел іргесі бүтін, жұртымыз тыныш болғай, – деді Ж.Қосжанов.

Салтанатты жиында қызметте алдыңғы қатардан көрінген сала қызметкерлері марапатталды. Олар департамент бастығының Алғыс хатына ие болып, ҚР ІІМ-нің «Қылмыстық-атқару жүйесінің үздігі» төсбелгісін кеудесіне тақты. Сонымен қатар салада ұзақ жылдар бойы қызмет етіп келе жатқан қызметкерлер мен ардагерлер де мерекелік марапаттан құр қалмады. Қызметтік міндеттерін үлгілі атқарған офицерлердің ата-аналары да құрмеке бөленді. Сондай-ақ департамент бастығы ҚАЖ қызметкерлеріне кезекті шендерін салтанатты түрде тапсырды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.