ҚАЖ қызметкерлері қан тапсырды

98

Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық атқару жүйесіне бағынысты №25 мекеменің қызметкерлері облыстық «Қан орталығына» барып, қан тапсырды.

Онда ҚАЖ қызметкерлері тәртіпке сай кезек күтіп, тиісті тексерістен өтті. Өйткені, донор болуға ниет білдірген азаматтарға қойылатын талап сондай. Тексерістен өткен соң олар дәрігердің рұқсатын алып, донор атанды. Осылайша бұл істі игі дәстүрге айналдырған ҚАЖ қызметкерлері талай адамның өміріне араша түсіп отыр.

Қан тапсыру арқылы айтып-айтпай келген сырқаттар мен жол апаты салдарынан жапа шеккен мыңдаған тұрғынды аман алып қалуға болады. Біз бұл әрекетімізді жасалуға тиіс іс деп білеміз, яғни азаматтық борышымыз, – дейді мекеме қызметкерлері.

«Донор» сөзі латын тілінен аударғанда «тарту, сыйлау» деген мағынаны білдіреді. Донорлық – әрбір азамат үшін салауатты өмір сүру салтының, мейірімділік, қайырымдылық танытудың белгісі. Ең бастысы, донор атанған ҚАЖ департаментіне қарасты №25 мекемесінің қызметкерлері қанға мұқтаж науқастарға екінші өмір сыйлап, рухани байи түсті.

Leave A Reply

Your email address will not be published.