ҚАЖ қызметкерлері Әз Наурызда арнайы атақтарын алды

132

Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты №25 мекемесінің жеке құрамы Наурыз мейрамын салтанатты түрде атап өтті. Мерекелік бас қосуды құттықтау сөзімен ашқан мекеме бастығы, әділет подполковнигі Ерлан Оразгелдиев жеке құрамды мерекемен құттықтап, жыл басы – Наурызда амандық, денсаулық, молшылық, қызметтеріне табыс тіледі.

Сонымен қатар мерекелік шара барысында мекеме қызметкерлері – Нұржалғас Анарбеков пен Диас Унитаевқа арнайы атақтарды салтанатты түрде табыстау рәсімі өтті.

Ұлыстың ұлы күнімен тұспа-тұс келген қуанышқа орай сөз алған Ерлан Ділдабекұлы арнайы атақ алған қызметкерлерге погонын тапсырып, алдағы қызметтерінде абырой тіледі.

– Қызығы мен қиындығы қатар жүретін Қылмыстық-атқару жүйесі саласының қызметкерлеріне жүктелер жауапкершілік жүгі ауыр. Сондықтан ҚАЖ саласының қызметкерлері еліміздегі құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуде өз қызметіне адал болып қала береді. Алдағы уақытта да халыққа адал қызмет етіп, қазақстандықтардың тыныштығын қорғайды, антқа адалдықтарын көрсетіп, қызметтік міндеттерін үлгілі және жауапкершілікпен атқарады деп сенемін, – деді өзінің құттықтау сөзінде мекеме бастығы.

Leave A Reply

Your email address will not be published.