ҚАЖ қызметкерлері ат үстінде кім мықтыны анықтады

105

 

Ер қанаты – ат. Қазақ халқы жылқыны киелі санаған. Ертеде әрбір қазақ жігіті аттың құлағында ойнаған. Қазақтың ат үстінде ойналатын ұлттық ойындары өте көп. Мәселен, көкпар, аударыспақ, жамбы ату, бәйге, қыз қуу, теңге ілу, тымақ ұру.

Наурыз мерекесін атап өту аясында, Наурызнама күнтізбесіне сәйкес, Ұлттық спорт күні Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағыныты №25 мекеменің қызметкерлері нағыз қазақтың қайсар ұлдары екенін тағы бір мәрте дәлелдеді. Нақтырақ айтсақ, ҚАЖ қызметкерлері тұлпар тізгіндеп, ат үстінде білек күштерін сынады.

Бұл спорт үлкен ептілікті, күштілікті, төзімділік пен батылдықты талап ететін қазақтың ұлттық спортының бір түрі. Аталған ойынға ат үстіндегі айқасты жақсы меңгерген, тиянақты дайындығы бар спортшылар ғана қатыса алады. Ал дайындығы жеткіліксіз, тәжірибесі аз адамдар үшін бұл өте қиын.
Ат үстінде күш сынасудың жауынгерлерге көмегі зор болған. Осы ойын арқылы жаттыққан батырлар ел басына күн туғанда найзасы мен қылышын алып, дұшпанына тойтарыс бере білген. Қайратты, жылдам қимылдайтын, аттың құлағында ойнайтын жігіттердің білек күшін сынайтын мұндай жарыс әлі күнге дейін кең көлемде тойланатын мерекелерде ұйымдастырылып келеді.
Қоғам қауіпіздігін қызғыштай қорғайтын ҚАЖ қызметкерлері осылайша физикалық қалыптарын сақтап, кез келген сәтте, кез келген оқиғаға жедел әрекет етуге әзірліктерін шыңдап келеді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.