Қазгидромет ауа райына байланысты ескерту жасады

71

Pexels

Қазгидромет ауа райына байланысты ескерту жасады: 22 ақпан 2026, жаңалықтар Turkystan.kz
Синоптиктер 22 ақпанға арналған ауа райы болжамын жариялады. Солтүстік-батыс циклонының әсерінен еліміздің бірқатар өңірінде қалың қар жауып, көру мүмкіндігі шектеледі, деп хабарлайды turkystan.kz «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

Жексенбі күні еліміздің басым бөлігінде атмосфералық фронталды бөліктер мен солтүстік-батыс циклоны өз ықпалын сақтайды.

22 ақпанда Қазақстанның солтүстік және солтүстік-батыс өңірлерінде қалың қар жауады. Бұл тас жолдардағы ахуалды қиындатып, көлік қозғалысын шектеуге себеп болуы мүмкін, – деп ескертті «Қазгидромет» мамандары.

Республиканың басым бөлігінде тұман, қатты жел және көктайғақ болады.

Толық нұсқасына гиперсілтеме беруді ұмытпаңыз: https://turkystan.kz/article/276638-qazgidromet-aua-raiyna-bailanysty-eskertu-zasady-40

Leave A Reply

Your email address will not be published.