Қазақстандықтар шетелден демалып келген бойда не істейтіндерін айтты, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Әлеуметтік желіде блогер Кристина Русиновичтің шетелден демалып келген бойда не істейтінін көрсеткен видеосы тарап кетті. Оның видеосы 300 мыңнан аса қаралым және көптеген пікір жинады.
«Мені қазақтар түсінеді», — деп жазған ол.
Бұл көпшілік қазақстандыққа таныс жағдай болып шықты. Көпшілік ет — жай ғана тағам емес екенін, сондай-ақ жайлы үйге оралудың символы екенін жазған.
«Қазақстанда 124 ұлт тұрады, олардың барлығы бешбармақты жақсы көреді», «Менің анам жұмыс істейтін Омбыдағы аурухананың бас дәрігері — орыс, бірақ Қазақстанда дүниеге келген. Әр мерекеде бешбармаққа ақша бөледі, әсіресе қарынды жақсы көреді», «Мен бешбармаққа тәуелді сияқтымын», «Ет — ең дәмді тағам, ол біздің генетикалық кодымызға енгізілген секілді», — деп бөлісті желі қолданушылары.
Оқи отырыңыз: 2025 жылы еңбек демалысын қай айда алған тиімдірек?
Фото: depositphotos.com
https://massaget.kz/news/kazakstandyiktar-shetelden-kele-sala-steyd-bloger-kopshlkke-124470/?fbclid=IwY2xjawIEySRleHRuA2FlbQIxMQABHTl9L0MclzK2kEUMBnJC3Ckn6EHQOjFfiwAm7NQ5FGBKqTyCK-TXA_emmw_aem_6DO89yF_EQHTZJa6z24Msw