Қазақстандықтар қыркүйекте 2 миллиард доллар сатып алған

65

доллар

Ұлттық банктің мәліметінше, жұрт биыл маусым айында – 91 млрд теңгеге, шілдеде – 125 млрд теңгеге, тамызда – 192,6 млрд теңгеге доллар сатып алған. Ал қыркүйекте 2 миллиард доллар сатылған. Әдетте долларға сұраныс жазда артатын, дейді сарапшылар. Себебі жұрт демалысқа барады, өзге елге саяхаттайды. Ал бұл жолы бәрі басқаша. Жұрт қолда барын долларға айналдыруға тырысуда. Қолдағы бар қаражатты доллармен сақтауды сарапшылар да дұрыс деп санайды. Себебі теңгенің құнсыздану ықтималдылығы жоғары екен.

“Қазақстанға келіп жатқан тауарлардың басым бөлігі шетелдік импорттық тауарлар болғандығы. Көршілес Ресейден әрбір екінші тауарымыз келіп жатқандығы. Үшіншіден қазақстандық тауар өндірушілердің бәсекелестікке төтеп бере алмағандығында. Осындай факторлардың барлығы айналып келген кезде қазақстандықтардың төл теңгемізден гөрі басқа шетелдік валюталарға, долларға, евроға деген сенімнің артуына алып келіп отыр”, – деді экономист Бауыржан Ысқақов.

Қолданыстағы заң жеке тұлғаларға қолма-қол валютамен айырбастау операцияларын жүргізуге шектеу қоя алмайды. Ұлттық банк мәліметінше сұраныс пен ұсынысқа қарап, қаржы ұйымдары өз бетінше шешім қабылдайтын көрінеді. Ал теңгенің құнсыздануына қатысты мынадай пікірде.

“Ұлттық Банк экономикада құрылымдық өзгерістер жасау және айырбастау бағамының еркін жүзу қағидаттарын ұстанады. Өткен жылдардағы тәжірибе көрсеткендей, белгілі бір бағамды ұстану қысқа мерзімді тұрақтылықты тудырғандай әсер береді, ал оны ұзақ уақыт жасанды жолмен ұстап тұру тек алтын-валюта қорының арқасында ғана мүмкін болмақ. Ондай кезде ұлттық валюта бағамын девальвациялауға мәжбүр етеді. Ұлттық Банк белгіленген бағамға көшу мәселесін қарастырмайды”, – делінген Ұлттық банк хабарламасында.

Долларға қатысты алдын ала қандай да бір болжам жасау мүмкін емес. Ал алтын-валюта әрдайым құнды дейді қаржылық ұйым өкілдері.

https://stan.kz/kazakstandiktar-kirkuyekte-2-milliard-dollar-satip-alga-371853/

Leave A Reply

Your email address will not be published.