Қазақстандықтар Дағыстанда апатқа ұшырады

81

https://turkystan.kz/article/264464-qazaqstandyqtar-dagystanda-apatqa-usyrady

Дағыстан Республикасы бойынша Ресей ІІМ ММ
Дағыстанның Тарумов ауданы аумағында орын алған жол-көлік оқиғасы салдарынан төрт адам қаза тауып, төртеуі зардап шекті, — деп хабарлайды turkystan.kz тілшісі.

Жол апаты 22 шілде күні таңертең «Кавказ» федералды тас жолының 247-шақырымында болған.

Алдын ала деректер бойынша, Қазақстан Республикасының 39 жастағы азаматшасы Chery Tiggo 8 Pro автокөлігін басқарып келе жатып, қарсы жолаққа шығып кетіп, Удмуртия тұрғыны – 39 жастағы ер адам жүргізіп келе жатқан «Lada Largus» көлігімен соқтығысқан.

«Жол-көлік оқиғасы салдарынан екі жүргізуші, сондай-ақ “Largus” көлігінде болған 4 және 6 жастағы балалар алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды», – делінген хабарламада.

«Largus» көлігінің үш жолаушысы – 33 жастағы әйел мен 8 және 4 жастағы балалар, сондай-ақ Chery Tiggo көлігіндегі 15 жастағы жасөспірім түрлі жарақаттармен медициналық мекемеге жеткізілді.

Аталған жол апатына байланысты тексеру жүргізіліп, оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.

Аймақтың Денсаулық сақтау министрлігі үш зардап шегушінің Тарумов ауданынан Махачкала қаласындағы республикалық стационарларға медициналық тікұшақпен жеткізілгенін хабарлады. Зардап шеккендердің бірі ауыр хәлде жатыр.

Толық нұсқасына гиперсілтеме беруді ұмытпаңыз: https://turkystan.kz/article/264464-qazaqstandyqtar-dagystanda-apatqa-usyrady

Leave A Reply

Your email address will not be published.