Спорт комитеті
https://turkystan.kz/article/271499-qazaqstandyq-sportsy-grek-rim-kuresinen-surdlimpiada-cempiony-atandy
Жапонияның астанасы Токиода өтіп жатқан XXV жазғы Сурдлимпиада ойындарында грек-рим күресінен қазақстандық балуан Андрей Самарин алтын медаль жеңіп алды.
67 келі салмақ дәрежесінде финалдық белдесуде ол ирандық палуан Мехди Бакшыны 11:1 есебімен жеңіп, Сурдлимпиада чемпионы атанды.
Ақтық сынға дейін Андрей жоғары деңгейдегі өнер көрсетті. Алғашқы айналымда қырғызстандық Дінмұхамед Бигелдиевті 5:2 есебімен ұтса, ширек финалда болгариялық Дилиан Димитровты 8:0, ал жартылай финалда армениялық Жора Грегориянды да 8:0 есебімен айқын басымдықпен жеңді.
Толық нұсқасына гиперсілтеме беруді ұмытпаңыз: https://turkystan.kz/article/271499-qazaqstandyq-sportsy-grek-rim-kuresinen-surdlimpiada-cempiony-atandy