Қазақстандық хоккейшілер екінші мәрте жеңіске жетті

86

2023 жылғы қысқы Универсиадада шайбалы хоккейден Қазақстан студенттер құрамасы екінші ойынын Венгрияға қарсы өткізді, – деп хабарлады turkystan.kz.

Кездесу барысында қазақстандық хоккейшілер сәтті ойын көрсетті. Бірінші кезеңде қарсылас қақпасына бес гол соғып үлгерді. Оны Артем Королёв – 2, Абай Маңғысбаев – 4, 16, Максим Мусоров – 7, Всеволод Логвин 12-минуттарда өзінің еншісіне жазды.

Екінші кезеңде қазақстандық хоккейшілер қарсылас қақпасына тағы үш шайба соқты. Құрама сапынан Станислав Александров – 25, Саян Данияр 29-минутта мергендік танытса, Максим Мусоров 34-минутта тағы бір мәрте көздеген нысанадан мүлт кеткен жоқ.

Ал үшінші кезеңде Саян Данияр 49-минутта гол соғып, басымдықты арттыра түссе, 54-минутта венгриялық спортшылар кездесу барысындағы алғашқы голын соқты.

Осылайша Қазақстан студенттер құрамасы қарсыласынан 9:1 есебімен басым түсті.

Leave A Reply

Your email address will not be published.