Қазақстандық инженер Илон Масктың турнирінде үздік атанды

103

 

Миллиардер Илон Маск ең үздік технологиямен туннель салу үшін турнир өткізді. Осы байқауда қазақтың жас инженері Санжар Тайжан топ жарды. Оның командасы үздік үштіктен көрінді деп хабарлады turkystan.kz Forbes.kz-ке сілтеме жасап.

Ғылым мен технология жарысы Техастың Остин қаласында өтті. Илон Масктың The Boring Company және SpaceX компаниялары өткізетін not-a-Boring Competition турнирінде Санжар Тайжанның Warwick Boring командасы үшінші орын алды. Финалға бес команда өткен. Туннель салу үшін қажетті бұрғылау машинасын жасау, оны салу туралы жобалар жарысында қазақ баласының идеясы мен еңбегі үздік атанды.

Жеңімппаз инженер ұзындығы – 30 метр, диаметрі 0,5 метр туннель салудың ең үздік үлгісін таңдау үшін 95 рет сынақ жасап, соның 90-ны нәтижелі болғанын айтты. Қазақстандық инженер әлемнің алпауыт компаниялары – The James Dyson Foundation мен Siemens-тің қолдауына ие болды.

https://turkystan.kz/article/222229-kazakstandyk-inzhener-ilon-masktyn-turnirinde-uzdik-atandy/

Leave A Reply

Your email address will not be published.