Қазақстандық боксшы кәсіпқой рингтегі үшінші жекпе-жегінде жеңіске жетті

92

Орта салмақтағы қазақстандық боксшы Әбілхан Аманқұл (2-0, 2 КО) кәсіпқой рингтегі үшінші жекпе-жегінде жеңіске жетті деп хабарлады turkystan.kzProsports.kz сайтына сілтеме жасап.

Ол Помонада (Калифорния, АҚШ) өткен бокс кеші аясында жекпе-жек өткізді. Қазақстандықтың қарсыласы мексикалық Даниэль Эчеверриа (21-11, 18 КО) болды. Сегіз раундқа жоспарлаған жекпе-жектің екінші раундында Әбілхан қарсыласын нокаутқа түсірді.

Осылайша қазақстандық боксшы проф-рингтегі үшінші жеңісіне қол жеткізді.

https://turkystan.kz/article/220046-kazakstandyk-boksshy-kesipkoy-ringtegi-ushinshi-zhekpe-zheginde-zheniske-zhetti/

Leave A Reply

Your email address will not be published.