Қазақстанда жаңадан сегіз кәсіби мереке пайда болды

37
Қазақстанда жаңадан сегіз кәсіби мереке пайда болды
 istockphoto.com

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Қазақстандағы кәсіби мерекелердің жаңартылған тізбесін бекітті. Бұл туралы turkystan.kz сайты Нормативтік құқықтық актілердің электронды түрдегі эталондық бақылау банкіне сілтеме жасап хабарлады. 

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2024 жылғы 11 маусымдағы бұйрығына сәйкес, Кәсіби мерекелер тізбесіне мынандай өзгеріс енгізілді:

  • Мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызметкерлер күні – 7 сәуір;
  • Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласының қызметкерлері күні – 16 сәуір;
  • Метрология қызметкерлерінің күні – 20 мамыр;
  • Ветеринариялық қызметкер күні – 10 шілде;
  • Аңшылық шаруашылығы қызметкерінің күні – қыркүйектің бірінші сенбісі;
  • Қазақстан Республикасының Жоғары білім қызметкерлері күн – 1 қазан;
  • Стандарттау қызметкерлерінің күні – 14 қазан;
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет органдарының күні – 18 қараша.

Бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

https://turkystan.kz/article/244737-kazakstanda-zhanadan-segiz-k-sibi-mereke-paida-boldy

Leave A Reply

Your email address will not be published.