Қазақстанда жаңа кадрлық тағайындаулар жасалды

527

Өткен апта ішінде елімізде айта қоярлықтай кадрлық өзгерістер орын ала қойған жоқ. Дегенмен, Атырау облысы әкімінің жаңа орынбасары жұмысына кірісіп, Ақмола облысына қарасты басқарманың басшысы тағайындалған болатын.

Сонымен ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімімен және облыс әкімінің өкімімен Нұрлан Бақтыбайұлы Таубаев Атырау облысы әкімінің жаңа орынбасары болып тағайындалды.

Нұрлан Таубаев 1976 жылы Атырау қаласында дүниеге келген. Атырау Мұнай және газ институтын, Қазақстан экономика және құқық институтын, Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университетін тау-кен инженері, заңгер, экономист-менеджер мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын 1995 жылы «Экспресс-Юг» ЖШС директорының орынбасары болып бастаған, 1998-2000 жылдары «Денсаулық» ЖШС және «Ислам» ЖШС директоры болды.

2000-2006 жылдары Атырау қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы, 2006-2008 жылдары Бәсекелестікті қорғау комитеті Атырау облысының монополияларды реттеу басқармасының басшысы қызметтерін атқарды.

2008-2012 жылдары ҚР Бәсекелестікті қорғау агенттігінің (монополияға қарсы агенттік) Атырау және Маңғыстау облыстары бойынша өңіраралық инспекциясының бастығы, ал 2012-2014 жылдары Атырау облысы бойынша Монополияға қарсы инспекцияның басшысы болды.

2014-2015 жылдары ҚР Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің Стратегиялық талдау басқармасының бас сарапшысы болып жұмыс істеді.

2015-2017 жылдары ҚР Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің Атырау облысы бойынша департаментінің басшысы қызметін атқарды.

2017 жылдан 2018 жылғы 15 ақпанға дейін ҚР Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Атырау облысы бойынша департаментінің басшысы болды.

2018 жылдың 15 ақпанынан бүгінгі күнге дейін Атырау қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.

Ал Ақмола облыстық энергетика, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасының басшысы лауазымына Иван Юрченко келді.

Иван Юрченко 1980 жылы туған. Қазақстанның инженерлі-экономикалық университетін тәмәмдаған. 2007 — 2009 жылдары энергетика, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы департаментінде бас маман, кейін Алматы қаласы Түріксіб ауданы әкімінің орынбасары қызметінде болды. Әр жылдары Қостанай жылу энергетикасы компаниясында абонеттік қызмет басшысы, Алматы жылу жүйесінде инженер болып жұмыс істеді. 2012 — 2013 жылдары Қостанай облысының Ұзынкөл аудандық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы лауазымын атқарды. 2013 — 2016 жылдары Мәскеу қаласында Еуразиялық экономикалық комиссиясында жұмыс істеді. Жаңа қызметке тағайындалған дейін Көкшетау қаласы әкімінің орынбасары қызметінде болды.

Ерлік Қаражан «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ Басқарма төрағасы болып тағайындалды. Қаражан Ерлік Нариманұлы 1978 жылы Алматы қаласында туған. 2000 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «Халықаралық қатынастар» мамандығы бойынша бітірген.  2001 жылы Лондон экономика және саяси ғылымдар мектебін әлемдік экономикалық саясат магистрі дәрежесімен аяқтаған.  2010 жылы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Экономика институтында 08.00.14 — «Әлемдік экономика» мамандығы бойынша экономика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін диссертация қорғаған. Экономика ғылымдарының кандидаты. Еңбек жолын 2001 жылы Қазақстан менеджмент, экономика және болжамдау институтында әлемдік экономика оқытушысы, халықаралық офис директоры болып бастаған.  2003-2008 жылдары — BG Kazakhstan компаниясының Үкіметпен байланыс жөніндегі кеңесшісі.  2008-2015 жылдары — НКОК Солтүстік Каспий жобасы оператор-компаниясының тұрақты даму жөніндегі менеджері. 2016-2017 жылдары — «Қазконтент» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары.  2017-2018 жылдары — «Қазмедиа орталығы» басқарушы компаниясы» ЖШС Бас директорының стратегиялық даму және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі орынбасары. Түрлі жылдары Қазақстанның жетекші жоғары оқу орындарында әлемдік экономика, халықаралық бизнес бойынша оқытушылық қызмет атқарды және бірқатар экономикалық зерттеулерге қатысты. Лондон тауар биржасында (ICE), Ұлыбритания Сыртқы істер министрлігінің Chevening стипендиясы бойынша Рединг университетінде біліктілігін арттырды.

Евгений Кочетов «Нұр Отан» партиясының Стратегиялық бастамалар институты директорының орынбасары қызметіне тағайындалды. Ол Қазақ гуманитарлық заң университетін, М.Ломоносов атындағы Мәскеу Мемлекеттік университетін бітірген. Экономика магистрі. 2009-2013 аралығында «Нұр Отан» партиясының орталық аппаратында әртүрлі құрылымдық бөлімшелерінде кеңесші, сарапшы қызметтерін атқарған. 2013-2014 жылдары «Цесна» Корпорациясы» АҚ Девелопмент бөлімшесін басқарған. 2014-2016 жылдары ТОО «Kazakhstan Real Estate Group» ЖШС басқарма директоры болған. 2016 жылдың 1 қазанынан 2017 жылдың 12 мамырына дейін ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігіне қарасты «Орталық коммуникациялық қызметі» РММ директоры қызметін атқарған. 2017 жылдың 12 мамырынан 2018 жылдың 10 қыркүйегіне дейін «Qazcontent» АҚ Басқарма төрағасы болды.

inform.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.