Қазақстанда туған жоба Қытайда жалғасады

112

Бұл – біздің Рухия Байдүкенова мен қытайлық әнші Чжан Хэ Сунаньның Қытайдың Чунцин қаласында өткен V Медиаинновациялар форумында Silk Way Star музыкалық жобасының әнұранын орындаған сәті.

Еске сала кетейік, Silk Way Star – Қазақстанда дүниеге келген ауқымды музыкалық жоба. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бұл жобаны мәдени дипломатиямыздың жарқын үлгісі деп атаған болатын.

Жобаның алғашқы маусымы Астанада түсіріліп, оған 12 елдің өкілдері қатысты. Ал екінші маусымның түсірілімі Қытайда өтеді. Қазақстанның намысын Рухия Байдүкенова қорғайды (оған сәттілік тілейік!).

Халықаралық байқаудың әнұранының авторы – қазақстандық композитор Хамит Шанғалиев.

Астанада бастау алған бұл жобаның бүгінде өзге елдерді де бағындырып келе жатқанын бірге бақылап жүрейік. Қайырлы таң!

Leave A Reply

Your email address will not be published.