АХАЖ жүйесі бойынша бала туу туралы куәлік қызметтерін көрсету рәсімдерін енді АХАЖ-ға келмей-ақ, «электрондық үкімет» порталын немесе екінші деңгейдегі банктердің (Kaspi және Halyk банк) қосымшаларын пайдалану арқылы алуға болады.
Қазір туу туралы куәлікті қалыптастыру автоматты режимде жүреді. Перзентханадан баланы туу туралы анықтама АХАЖ жүйесіне тікелей беріледі. Осыдан кейін құжат жасалып, ата-аналары баланың туылуына байланысып құттықтаумен, баланың атын атауды өтінген sms-хабарлама алады. Хабарламаға жауап sms жіберіленген соң, туу туралы куәлік рәсімделеді.
Құжатты АХАЖ-дан қағаз түрінде немесе телефонға электрондық түрде алуға болады.