Қазақстанда қандай гүлдер сұранысқа ие?

114

Қазақстанға жыл басынан бері 24,6 млн дана гүл әкелінді деп хабарлады turkystan.kz Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2023 жылдың қаңтар-ақпан айларында Қазақстанға салмағы 1 341 тонна гүл немесе 24,6 млн дана гүл талы әкелінген. Оның құны 9,5 млн долларға тең.

Сұранысы ең жоғары – раушан гүлдері: салмағы 799 тонна немесе 18 миллион дана гүл талы әкелінген. Құны – 5,8 миллион долларға жуық. Екінші орында – хризантемалар (салмағы – 134 тонна немесе 2,4 млн дана гүл талы, құны 1,3 млн доллар), үшінші орында – қалампыр (салмағы – 31 тонна немесе 922,7 мың дана гүл талы, құны 161 мың доллар).

Сонымен қатар лалагүлі де жоғары сұранысқа ие. Оны 35 тонна салмағымен 192 мың АҚШ долларына әкелген, басқа да жаңа кесілген гүлдер (қызғалдақ, hydrangeas, линолиум,  гипсофила, финикс,  ирис,  гортензия және басқа да экзотикалық гүлдер) салмағы 376,8 тонна, құны 2,2 млн долларға әкелінген.

Биыл гүлдер негізінен Эквадор (769 тонна), Нидерланды (268 тонна), Колумбия (137 тонна), Кения (108 тонна), Израиль (16 тонна), Өзбекстан (14 тонна), Қытай (13 тонна) және Түркия (6 тонна) елдерінен әкелінген.

Былтыр да раушан гүлдері жоғары сұраныста болған, әкелінген раушан гүлінің салмағы 726,1 тонна немесе 17,4 млн дана гүл талы, құны 6,1 млн долларға тең. Хризантема гүлі (салмағы – 90,1 тонна немесе 1,5 млн дана гүл талы, құны 768,3 мың доллар), қалампыр гүлі (салмағы – 27,8 тонна немесе 844,4 мың дана гүл талы, құны 175,5 мың доллар) де көптеп импортталған.

2022 жылы Қазақстанға сырттан салмағы 6 690 тонна, құны 46,7 млн доллар құрайтын гүлдер әкелінген.

Салыстырмалы түрде айтсақ, 2022 жылдың қаңтар-ақпан айларында Қазақстанға сырттан салмағы 1 059,4 тонна немесе 20,7 млн дана гүл талы, құны 8,3 млн доллар құрайтын гүлдер әкелінген.

2022 жылы қазақстандық раушан гүлдері Өзбекстанда сұранысқа ие болып, барлығы 25 тонна, құны 94 мың АҚШ долларын құрайтын гүлдер экспортталған.

https://turkystan.kz/article/215457-kazakstanda-kanday-gulder-suranyska-ie/

Leave A Reply

Your email address will not be published.