Қазақстанда балалар үйі болмауы керек — Назарбаев

602

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Президент Әкімшілігіндегілер мен үкіметтегілерге бизнесмендердің назарын жетім балалар проблемасына аударуды тапсырды.

VIII Азаматтық форум барысында BI Group компаниясының басшысы Айдын Рахымбаев Президенттен Бала асырап алу жөніндегі Ұлттық агенттік құруға рұқсат беруін сұраған еді.
«Көптеген бизнесмендер қайырымдылықпен, көмек көрсетумен айналысады. «Аналар үйі», жетімдер — бұл мәселелер мені қатты уайымдатады. Қазақстанда балалар үйі болмауы керек. Рахымбаев қандай бағытта жүру керектігін көрсетіп жатыр», — деді Назарбаев.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысы білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиевтен қалайша Қазақстанда бала асырап алатын шетелдік 11 агенттіктің, ал отандық бірде-бір агенттіктің жоқ екенін сұрады. «Бала тәрбиелейтін мүмкіндігі бар адамдар балалар үйіндегі балаларды алуы қажет.

Біз BI Group компаниясының жұмысын қолдауымыз тиіс. (…)  БҒМ, Президент Әкімшілігіндегілер, үкіметтегілер жұмыс істеуі керек, барлық іскер адамды, ақшасы бар адамдарды жинап осы мәселеге назар аударту қажет», — деп тапсырды Назарбаев.

Сағадиев өз кезегінде балалар үйіндегі бала санының жыл сайын азайып жатқанын айтты. «Министрліктің ұстанымы — балалар үйінің мүлде болмауы. Соңғы үш жылда бұл көрсеткіш 24-ке дейін қысқарды, қазір 122 балалар үйі бар, онда 7 мың жетім бала бар. Екі жылдан соң онда 3-3,5 мың бала қалады деп ойлаймыз», — деді министр Сағадиев.
tengrinews.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.