Фото: pexels.com
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің айтуынша, атаулы әлеуметтік көмек тағайындауға өтініш берген адамдарға кірістері мен шығыстарын тексеруге келісім алу үшін SMS-хабарлама жіберіледі. Бірақ бұл банктік құпияны ашуға сеп болмайды.
Тексерулер ақпараттық жүйелерді интеграциялау есебінен автоматты түрде іске асырылғалы отыр. Әрі жәрдемақы тағайындау тетігіндегі жаңа өзгерістер шын мұқтаж жандарды анықтап, нысаналы қолдау көрсетуге мүмкіндік бермек.
Айта кетейік, 1 тамыздағы жағдай бойынша 70 мыңнан астам отбасындағы 372 мыңға жуық азаматқа атаулы әлеуметтік көмек көрсетілген. Ол үшін бюджеттен 60 миллиард 500 миллион теңге бөлініп отыр.
Еске салайық, биыл 1 қыркүйектен бастап еліміздің барлық өңірінде «Әлеуметтік әмиян» шеңберінде оқушылар тегін және жеңілдікпен тамақтандырылатынын жаздық.
https://stan.kz/kazakstanda-aleumetik-komekten-umitti-mindagan-otbasini-404941/