Қазақстан электрондық үкімет бойынша шетелдің үздік тәжірибелерін меңгермек

625

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі осы мәселе бойынша Оңтүстік Корея және ҚХР тәжірибесін үйренуде.

Ведомство делегациясы Қытайдағы әріптестерімен кездесіп, Бейжіңдегі халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмысымен танысты. Мемлекеттік қызмет заңнамасын жетілдіру, қызметшілер жұмысының сапасын бақылау мен бағалау бойынша тәжірибе алмасты.

Делегация осыған дейін мемлекеттік қызметтердің 90 пайыздан астамын онлайн түрде көрсететін Оңтүстік Кореяда болып қайтты. Мемлекеттік мекемелер мен  халық арасындағы цифрлық байланыстың сапасын артыру, басқаруды автоматтандырудың тиімді тәсілдерін меңгерді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет жасау бойынша пікір алмасты.

Айбол Қозбағаров, МҚІСЖҚІА мемлекеттік қызметтер департаментінің бас консультанты:

– Қазіргі таңда Қазақстанда 60 пайыз мемлекеттік қызмет онлайн түрде көрсетіледі. Президент осы жылғы Жолдауында бұл көрсеткішті 2020 жылға дейін 90 пайызға жеткізу көзделіп отырғанын айтты. Сондықтан біз шетелдің тәжірибесін зерделеп жүрміз.

24.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.