Бокстан алғаш рет 23 қазан — 3 қараша күндері аралығында Астанада өткен жасөспірімдер және жастар арасындағы Азия чемпионаты мәресіне жетті. Бүгін жастар арасындағы 25 салмақ бойынша (13 ұл, 12 қыз) жеңімпаздар анықталды.
Жүлде бойынша ТОП-3 мемлекет:
Қазақстан – 9 алтын, 3 күміс, 8 қола;
Өзбекстан – 8 алтын, 8 күміс, 4 қола;
Үндістан – 6 алтын, 8 күміс, 6 қола;
Жарыс жеңімпаздары Халықаралық Бокс Федерациясы тарапынан (1-орын – 1000$, 2-орын – 500$, 3-орын – 250$) ақшалай сыйақымен марапатталды.
Жарыс соңында 12 күнге жалғасқан турнирдің ең үздік боксшыларына арнайы номинация берілді:
Ең үздік жасөспірім қыз боксшы – Аяжан Сыдық (Қазақстан);
Ең үздік жасөспірім ұл боксшы – Фужуки Юга (Жапония);
Ең үздік жас қыз боксшы – Олтиной Сотимбоева (Өзбекстан);
Ең үздік жас ұл боксшы – Төрехан Сабырхан (Қазақстан);
Ең үздік төреші – Мариф Урдешев (Өзбекстан), Мария Каваклиева (Болгария).
https://turkystan.kz/article/235924-aza-stan-ramasy-aziya-chempionatynda-to-yz-altyn-medal-zhe-ip-k-sh-bastady