Tengrinews.kz Болат Жәмішевтен қор басшысы қызметінен кеткеннен кейін немен айналысатынын сұрады.
«Мен RBK Bank директорлар кеңесінің төрағасымын, «Самұрық-Қазына » директорлар кеңесінің мүшесімін, Aitas.kz директорлар кеңесінің мүшесімін. Менің жұмысым көп, жұмыс жеткілікті. Мен осылармен айналысамын», — деді Болат Жәмішев.
Telegram-арналарда Жәмішев Үкіметке оралуы мүмкін деген ақпараттар пайда болды. Алайда ол оған министрлер кабинетіндегі лауазым ұсынылмағанын мәлімдеді.
«Болған жоқ (ұсыныс). Мен үш ұйымның директорлар кеңесінің мүшесімін, ол жерлерде көп нәрсе істеу керек. Мен «Қазақстан халқына» қорындағы жұмысқа алаңдамай, осы ұйымдарда белсенді жұмыс істейтін боламын», — деп жауап берді Жәмішев.
Еске салайық, «Қазақстан халқына» қоғамдық әлеуметтік қорының төрағасы ауысты. Ләззат Шыңғысбаева қордың жаңа басшысы болды.
«Қазақстан халқына» қоры 2022 жылы құрылғаннан бері оны Болат Жәмішев басқарып келеді.
Болат Жәмішев басқарма төрағасы ретіндегі өкілет мерзімінің аяқталуына байланысты қордағы жұмысын аяқтауды ұйғарды.
Болат Жәмішев әр жылдары Қазақстанның Даму банкінде жұмыс істеді, Қаржы министрлігін (2007-2013 жылдар), Өңірлік даму министрлігін (2013-2014 жылдар) басқарды, Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігінің төрағасы (2004-2006 жылдар) болды. Экономика ғылымдарының кандидаты.
Фото: Tengrinews.kz/ Тұрар Қазанғапов
https://massaget.kz/news/kazakstan-halkyina-koryinan-ketken-bolat-jamshev-nemen-124764/?fbclid=IwY2xjawIKgTZleHRuA2FlbQIxMQABHQE7nf4BXcx1CQmxqVcKTy_JuS0fRyXDiptg04qjiyp0a96uShZWeQL4JQ_aem_eKcrl9H6HYNGhMrVYjW8EA