«Таза Қазақстан. Астана – тазалық пен тәртіптің үлгісі» ауқымды экоакция аясында Қазақстан халқы Ассамблеясы жастар қанатының өкілдері елордада ағаш екті, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің ресми сайты.
ҚХА жастары экоакция акциясы аясында 100-ге жуық шаған мен қарағай көшетін екті.
«Бұл акцияға әрбір азамат, қаланың әрбір тұрғыны қатысуы тиіс деп санаймын. Өйткені қалаға жасыл желектер қажет, жалпы қала тіршілігіне қамқорлықпен қарау керек. Біз өз қатысушыларымызды ұсындық», — деді ҚХА жастар қозғалысының қатысушысы Елена Пескорская.
https://turkystan.kz/article/243960-aza-stan-hal-y-assambleyasy-zhastar-anatyny-kilderi-elordada-a-ash-ekti