ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ ҮШІН ЕРЕКШЕ КҮН

198

Президентіміз ұлттық мерекелер тізбесіне бірқатар өзгеріс енгізіп, Республика күніне ұлттық мереке мәртебесін қайтаруды ұсынды. Бұл ұсыныс барша қазақстандықтардың тарапынан үлкен қолдауға ие болып, Республика күні ресми түрде бекітілді.

Осыған орай бүгін салтанатты жиын өтіп, ұлық мереке қарсаңында ауданымыздың түрлі салаларында жемісті еңбек етіп, лайықты тер төгіп жүрген азаматтарды аудан әкімі Сәкен Арубаев өз қолымен марапаттап, бірқатарына “Шу ауданына сіңірген еңбегі үшін” төсбелгісін табыс етті. Салтанатты шара аудан өнерпаздары ұйымдастырған мерекелік концертке ұласты.

» Республика күні елдің мемлекет құру жолындағы тарихи қадамының символы болмақ. Сондықтан да бұл күн баршамыз үшін ұлық мереке. Барша аудан тұрғындарын ел өмірінде ерекше маңызға ие болған Республика күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Баршаңызға зор денсаулық, қажымас қайрат, телегей табыс тілеймін!

 

Мереке құтты болсын! » — деді аудан басшысы Сәкен Қаланұлы

 

Шу ауданы

Leave A Reply

Your email address will not be published.