Қазақстан әуежайларында шекара бақылауынан өту оңайлауы мүмкін

66
Енді жолаушыларға әуежайларда шекара бақылауынан өту рәсімі ыңғайлы болуы мүмкін. Көлік министрлігі тиісті бұйрық жобасын жариялады, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Құжат жобасына сәйкес жолаушылардың бұл рәсімнен өтуінің қарапайымдылығы мен жылдамдығы қамтамасыз етілуі керек:

жолаушылардың ұшу/келу рәсімдерінен өту уақытын реттейтін, шекара қызметімен келісілген әуежай стандарты болуы:
  • бақылаудан өткенге дейін жолаушылар үшін рәсімдерден өту талаптары туралы қолжетімді ақпарат болуы;
  • шекара қызметімен келісілген, паспорттық бақылау кезінде жолаушыларға қызмет көрсету жылдамдығы болуын және орындалуын бақылау;
  • жолаушылар саны жылына 1 миллионнан асатын әуежайларда паспорттық бақылаудың автоматтандырылған жүйесі болуы.

Сондай-ақ құжатқа сәйкес шекаралық бақылау қызметі қызметкерлерінің сыпайылығы мен ашықтығы қамтамасыз етілуі керек.

Жоба «Ашық НҚА» порталында жарияланған, 31 қаңтарға дейін жария талқылауда қолжетімді болады.

Фото: depositphotos.com

https://massaget.kz/news/kazakstan-auejaylaryinda-shekara-bakyilauyinan-otu-onaylauyi-123930/?fbclid=IwY2xjawH4luFleHRuA2FlbQIxMQABHdleEq7W0xyWTCPYplJODt5-HTjH7D0-DKO6VOTqFNRUX74Esvh3csnDSg_aem_6126C-8OM8_VHNDtV3NNWA

Leave A Reply

Your email address will not be published.