Қазақ-қытай шекарасында багаж тасымалы қымбаттайды

52

Қазақ-қытай шекарасында багаж тасымалы қымбаттайды
 instagram/mcps_khorgos

«Қорғас» халықаралық шекара маңы ынтымақтастығы орталығында қызмет сапасын жақсарту мақсатында 27 шілдеден бастап 1 келі багажды тасымалдау тарифі 100 теңгеге дейін көтеріледі. Бұл туралы «Қорғас» ШЫХО баспасөз қызметі мәлім етті.

Багажды тасымалдау бойынша қызмет көрсететін компаниялар бірнеше рет өтініш берген.

««Қорғас» ШЫХО аумағында багажды тасымалдау бойынша қызмет көрсететін компаниялардың бірнеше рет өтініші негізінде багажды қабылдау/беру бойынша қызмет көрсету сапасын жақсарту және туристердің/келушілерге ұсынылатын сервисті жақсарту мақсатында багаждың 1 килограмы үшін багажды тасымалдау тарифін 100 теңгеге дейін арттыру туралы шешім қабылданды», — делінген хабарламада.

Тариф 2024 жылғы 27 шілдеден бастап багажды тасымалдаушылармен қосымша келісімге қол қойылғаннан кейін күшіне енеді.

Айта кетері, қазір багаж тасымалдау тарифі – 80 теңге

https://turkystan.kz/article/246405-kazak-kytai-shekarasynda-bagazh-tasymaly-kymbattaidy

Leave A Reply

Your email address will not be published.