ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН ҚОҒАМ ҚАЙРАТКЕРІ Д. ҚОНАЕВ АТЫНДАҒЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТУРНИРДІҢ САЛТАНАТТЫ АШЫЛУ РӘСІМІ ӨТТІ

116
Талас ауданының орталығы Қаратау қаласында қазақ күресінен 2008-2009 жылы туған кіші жасөспірімдер арасында қоғам қайраткері Д. Қонаев атындағы республикалық турнир басталды.
Салтанатты ашылу рәсіміне Талас ауданының әкімі Нұрбол Жүнісбеков, халықаралық Д. Қонаев қорының вице-президенті Байбол Болат қатысып, жасөспірім боз кілем шеберлеріне сәттілік тілеп, ізгі тілегін жеткізді.
Дене шынықтыру сауықтыру кешенендегі шара жергілікті өнерпаздардың қатысуымен концерттік бағдарламаға ұласты.
Республикалық турнирде Алматы, Жетісу, Түркістан, Абай, Қызылорда, Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Жамбыл облыстары және Алматы, Шымкент қалалары сонымен қатар Талас ауданының құрамасынан балуандар бақ сынауда. Байрақты додада 10 салмақ дәрежесінде жүлделер сарапқа салынуда.
Айта кетейік, боз кілем бәсекесі 30-шы қыркүйекке дейін жалғаспақ.

 

Талас ауданы әкімдігі

Leave A Reply

Your email address will not be published.