Облысымызға 19 мемелкеттен келген туристерге «Төрткүл» керуен сарайы кешенінда жасалған «Қазақ ауылы» этно жобасы таныстырылды. Онда қазақ музыкалық және театр өнерінің фестивальдері, қолөнер шеберлерінің мастер-класстары, ұлттық тағамдар, қолөнер және көркем өнер көрмелері, этникалық музыкалық фестивальдар, ұлттық спорт түрлерінен жарыстар және басқа да іс-шаралар ұйымдастырылды. Негізінен «Дәстүрлі аң аулау түрлері», «Ұлттық ойындар мен ойын-сауық», «Ұлттық тағам», «Қазақ музыкалық-театр өнері», «Қолөнершілер» секторлары келуші меймандарға қазақ халқының өзіне тән ерекшеліктерін көрсетті.
Жиылған жұрт алдында сөз алған облыс әкімінің кеңесшісі Аслан Саржанұлы:
– Екі мыңнан жылдан аса тарихы бар Тараз жерінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында этно ауыл жобасы тұңғыш рет өткізіліп отыр. Қазақ елін әлемге танытқан таланттарды, қайраткерлерді дүниеге әкеліп, тәрбиелеген ауыл – біздің анамыз, -деді алтын бесігіміздің құндылығын сипаттап.
Алыс-жақын шет елдерден келген туристер қазақтың болмыс-бітімін танытатын тұрмыстық бұйымдары мен өнер-мәдениетіне тәнті болып, таңданыстарын жеткізді.