«Қайта жолығуды жазсын»: Ерке Есмахан желіде ұлына қатысты жазба жариялады

50
«Қайта жолығуды жазсын»: Ерке Есмахан желіде ұлына қатысты жазба жариялады
 Әлеуметтік желіден

Белгілі әнші Ерке Есмаханның тұңғышы Мүсілім Ұлыбританияға білім алуға аттанды. Бұл туралы әнші желідегі парақшасында жазды, деп хабарлады turkystan.kz.

«Бүгін үйде у-шу, бәріміз жан-жаққа жол тартып жатырмыз. Аллаға сансыз шүкір. Алла амандық беріп, шаңырағымызға қайта жолығуды жазсын. Жолымыз болып, жақсы демалыс керемет эмоциялармен оралайық.

Үлкен ұлымызды шығарып салдық. Аллаға аманат. Білім алып, зейінің ашылып, Ұлыбританияның мәдениетімен танысып кел. Біз сені қатты жақсы көреміз.

Енді мына бала ата-әжесіне ұшайын деп отыр», — деп жазды ол.

https://turkystan.kz/article/244980-kaita-zholygudy-zhazsyn-erke-esmakhan-zhelide-ulyna-katysty-zhazba-zhariialady

Leave A Reply

Your email address will not be published.