«Қайрат» Қазақстан кубогының плей-офф кезеңіне өтті

150

«Қайрат» «Ордабасы» командасын жеңіп, футболдан Қазақстан кубогының плей-офф кезеңіне өтті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Алматылықтар ойынның үшінші минутында-ақ есеп ашты. Жоао Паулоның голы «Қайратты» алға шығарды. Шымкенттіктер есепті тек үзілістен кейін теңестірді. Дегенмен ойын соңында «Қайрат» тағы екі гол соғып, жеңіске жетті.

Ойын нәтижесі бойынша «Қайрат» 13 ұпай жинап, топтағы бірінші орнын сақтап қалды. Ал «Ордабасы» топтық есепте үшінші орынға тұрақтады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.