
https://turkystan.kz/article/259313-kaspiide-zogalyp-ketken-galym-bes-kunnen-keiin-tabyldy
Бірнеше күн бұрын Қазақстан мен Ресей шекарасының тұсында, Каспий теңізіндегі аралда ғалым-океанолог Петр Бухарицин жоғалып кеткен, деп хабарлайды turkystan.kz.
76 жастағы ғалым Укатный аралына экспедиция құрамында келген. Жергілікті құстарды фотоға түсіру үшін фотоаппаратын алып, топтан ажырап қалған.
Шекарашылар, флот қызметкерлері, еріктілер оны бес күн іздеп тапты. Ол аралдағы қамыс арасына кіріп, адасып қалған. Бес күнде қолына түскен шөп-шаламмен қоректеніп, азып-тозса да, аман қалған.