Кәсіпкерлікке – кең өріс

34

Елімізде шағын және орта бизнестің дамуына барынша серпін берілуде. Бұған мемлекет тарапынан да кең қолдау көрсетіліп келеді. Соның арқасында қаламызда да кәсіпкерліктің көкжиегі кеңеюде. Айталық, ағымдағы жылы 2020-2025 жылдарға арналған «Қазақстан Республикасы индустриялық-инновациялық дамытудың мемлекеттік бағдарламасы» аясында «Дәмді себет» ЖШС-нің  «Ұннан жасалған кондитерлік өнімдерді өндіруді ұйымдастыру» жобасы іске асырылды. Жоба құны 700 млн. теңге, жылдық қуаттылығы 2160 тонна өнімді құрайды. Ашылған жаңа жұмыс орындары 105 бірлік. Аталған жобаның іске асырылуы бойынша «Ұлы дала» ықшамауданынан 0,5 гектар жер телімі берілді.  Сондай ақ, 2023-2024 жылдары жалпы құны 32,2 миллиард  теңгені құрайтын 6 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарлануда. Аталған жобалар жүзеге асырылғанда 884 жаңа жұмыс орыны ашылады деп күтілуде.

Әрине, аталған жобалар халықты тұрақты жұмыспен қамтып ғана қоймай, өңірдің өндірісін өрістетуге мол мүмкіндік берері сөзсіз.  Бұдан бөлек, қала аумағында «Тараз» ӘКК» АҚ-да 100 пайыз сенімгерлік басқаруымен «Тараз» индустриялық аймағы ЖШС жұмыс істеуде. Оның жалпы ауданы 184 гектарды құрайды. Шаһардың болашақта дамуын ескере отырып, бекітуге ұсынылған Тараз қаласының жаңа Бас жоспарында қаланың батыс бөлігінен «Шөлдала» алқабына барар жолда 1150 гектар жерді, Аса ауылына шыға берісте 500 гектар жерді химиялық индустриалдық аймаққа, Асқаров көшесі соңынан Элеватор маңынан 13 гектар жер агроөнеркәсіптік кешенге белгіленіп отыр. Сонымен 1 847 гектар жер шаһардың өндірістік әлеуетін көтеру үшін индустриалдық аймаққа үлестірілмек. Осының нәтижесінде құны 74 миллиард теңгелік, жалпы көлемі 57,1 гектарды құрайтын 7 жобаны іске асыру көзделуде.  Олардың ішінде ағымды жылы құны 822 миллион  болатын 4 жоба іске қосылмақ.

Сонымен қатар Қазақстан Республикасы индустрия және инфрақұрылымды дамыту министрлігінің кіші индустриалды аймақтардың құрылысын қолдау бағдарламасымен «Кемел» тұрғын алқабы маңынан  көлемі 28,0 гектар болатын «Кіші индустриалды аймақ» құру жоспарлануда. Сондай-ақ, Жамбыл ауданының Тараз қаласына қосылатын аумағынан аталған 28,0 гектар жермен жалғасып жатқан  32 гектар жер резервке белгіленді.

Бүгінгі таңда 3,3 миллиард  теңгені құрайтын қызығушылық танытқан 26 жоба анықталған. Кәсіпкерлерді тарту жұмыстары әрі қарай да жалғасын таппақ. Бұған қоса ағымдағы жылы «Бизнестің жол картасы-2025» кәсіпкерлікті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы аясында 10,9 миллиард теңгеге 504 жоба қаржыландырылды.  Оның ішінде пайыздық ставкаларды субсидиялау тетігімен 8,5 миллиард  теңгеге 306, «Банк кредиттері бойынша кепілдік беру» құралы бойынша  2,4 миллиард  теңгеге 198 жоба кепілдендірілді.  Ал, «қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы арқылы 1 жоба 700 млн. теңгеге қаржыландырылған.

Leave A Reply

Your email address will not be published.