КӘСІБИ БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУДЫҢ ТИІМДІ ЖОЛДАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

128
Ағымдағы жылдың 2 желтоқсаны күні Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинеті ұйымдастырған «Кәсіби біліктілікті арттырудың тиімді жолдары» тақырыбындағы онлайн семинар кеңесіне «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы «Жамбыл облысы бойынша Кәсіби даму институты» қызметкерлері қатысып, кәсіби біліктілікті арттыру бағытында ақпараттық мәліметтермен бөлісті.
Оқу ісі бөлімінің бас маманы Г.А.Иманалиева біліктілікті арттыруда мемлекеттік тапсырыс бойынша атқарылған жұмыстар туралы ақпарат беріп, жан-жақты талдау жасады. Білім беру ұйымдары педагогтерінің үздіксіз кәсіби дамуы, курстан кейінгі әдістемелік қолдау жұмыстарын ұйымдастыру жүйесі туралы ақпаратпен бөліскен Л.Ш.Утеулиева бірлескен жоспарлар аясында атқарылып жатқан жұмыстармен таныстырды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.