Қарттар күні мерекесі құтты болсын

103

Құрметті ардагерлер мен қазыналы қариялар!
1 қазан – Қарттар күні мерекесі құтты болсын!
Бұл күн – елдің дамуына өлшеусіз үлес қосып, ұрпақ тәрбиесінде сара жол қалдырған ардақты ақсақалдарымыз бен асыл әжелерімізге деген шынайы алғыс пен терең құрметтің белгісі. Сіздердің өмірлік тәжірибелеріңіз, ақыл-кеңестеріңіз – біз үшін сарқылмас қазына, ұрпаққа бағыт-бағдар беретін шамшырақ.

Осыған орай, Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаменті бастығы әділет подполковнигі Ж.Ж. Қосжанов, департамент бастығының орынбасары әділет подполковнигі Қ.Е. Ильясов және департамент қызметкерлері қарияларымызға арнайы барып, мерекемен құттықтап, сый-сияпаттарын табыс етті.

Сондай-ақ, департамент бастығы ізгі тілегін білдіріп, қазыналы қарттарымызға зор денсаулық, отбасы амандығы мен ұзақ ғұмыр тіледі.

Қариясы бар ел – қазыналы ел. Барша қарияларымызға баянды ғұмыр, шаттыққа толы күндер тілейміз!

Leave A Reply

Your email address will not be published.