Қараусыз және игерілмей жатқан жайылым жерлерге зерделеу жұмыстары жүргізілді

225

Бүгін «Жер аманаты» комиссиясының мүшелері Қарасаз ауылдық округінде болып, қараусыз және игерілмей жатқан жайылым жерлерге зерделеу жұмыстарын жүргізді.

Зерделеу барысында округ аумағында жайылым жерлердің жетіспеушілігі байқалды. Көлемі ауқымды жайылым жерлердің иелері мен келіссөздер жүргізіліп жатқанын аталған ауылдық округ әкімі жеткізді. Сонымен қатар ауыл әкімі өткен жылы атқарылған жұмыстарға тоқталып өтті.

Сондай-ақ Қарасаз ауылдық округі «Ауыл аманаты» жобасы аясында биылғы жылы қаржыландырылатын округ болғандықтан жайылым жердің маңызы ерекше болып тұр.

Бұл бағыттағы жұмыстар биылғы жылы да өз жалғасын табады. Жыл соңына дейін 500 гектарға жуық жерді қайтару жоспарлануда. Жоспар межесіне жеткенше Партия бақылауында болады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.